20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда New York Film Academy (NYFA) филиалы өз жұмысын бастады. Ол – АҚШ-тан тыс үшінші NYFA кампусы және Қазақстанда ашылған әлемдік деңгейдегі алғашқы шығармашылық университет, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызметті бастау туралы келісімге қол қоюдың онлайн-рәсімі 1 наурызда Energo University-дің алаңында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен New York Film Academy президенті Майкл Янгтың қатысуымен өтті.
Әлемге әйгілі академияның филиалында оқу осы жылдың 29 қыркүйегінде Алматы маңындағы Қаскелең қаласындағы Energo University-дің Креативті индустриялар паркінің аумағындағы заманауи кампуста басталады.
Филиалда оқытуды АҚШ-тан арнайы келетін NYFA кәсіби дәріскерлері бір жылдық және қысқа мерзімді оқу бағдарламалары аясында бес бағыт бойынша жүргізеді: Кино (Filmmaking); Продюсерлік ету (Producing); Сценарийлік іс (Screenwriting); Анимациялау және визуалды әсерлер (3D animation & VFX); Ойын әзірлеу (Game design).
Академияның алғашқы қабылдауына Қазақстаннан және өңірдің көрші елдерінен (Қытай, Үндістан, Ресей және т.б.) 200-ге дейін студент қабылдау жоспарлануда. Оқуды бітіргеннен кейін түлектер Америка университетінің дипломдарын және Нью-Йоркте немесе Лос-Анджелесте оқуын жалғастыра алады.
Қосымша ақпарат алу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына (+77076006493), сондай-ақ Алматыдағы NYFA ресми өкіліне (+77019990321) хабарласуға болады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?