Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЭнергетика министрлігі Атырау қаласында өткен Мұнай-газ-химиясы форумына қатысты, онда Қазақстанда мұнай-газ химиясын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері және қажетті қолдау шаралары талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік ірі мұнай-газ химия компаниялары басшыларының назарын инжинирингтік жұмыстар кезеңінен бастап отандық тауарларды, жұмыстармен қызметтерді барынша пайдаланудықамтамасыз ете отырып, жобаларды уақытылы іске асыру қажеттілігіне аударды.
Өз тарапынан министрлік барлық қолдау шараларын көрсететінін тағы да атап өтті. EPC мердігерлерді таңдау кезінде жергілікті қамту бойынша көрсеткіштерді орнату ұсынылды.
Сондай-ақ, өкінішке орай, бүгінде экономиканың басқа салаларымен (құрылыс, ауыл шаруашылығы және т.б.) өзара байланыстың жоқтығы, жағдайды түзету және ішкі сұранысты қалыптастыра отырып, одан әрі қайта бөлу тізбегін ұзартуды бастау маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар,17 ақпанда «Татнефть» ЖАҚ өкілдерімен кездесу өткізілді, онда қуаттылығы 339 мың тонна, құны шамамен 900 млн АҚШ доллары болатын бутадиенді және оның туындыларын өндіру жобасы бойынша ағымдағы мәртебе мен одан әрі қадамдар талқыланды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс