Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда 8000-ға жуық мәдениет ошақтары жұмыс істейді, онда 64000-нан астам қызметкер бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні 2013 жылдың қараша айында бекітілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша олардың жалақысы 2023 жылы 2021 жылғы деңгейден 45% өскен.
Тек соңғы үш жылда бүкіл ел бойынша 700-ден астам жаңа мәдениет нысаны жөнделіп, 168 жаңа нысан салынды. Биыл 11 жылда алғаш рет материалдық емес мәдени мұраның ұлттық тізімі жаңартылды. Бұл тізімге қосымша 75 элемент енгізілген.
30 жылда алғаш рет «Халық әртісі» құрметті атағы тағайындалып, 8 мәдениет қайраткеріне берілді. Еліміздің және шет мемлекеттердің азаматтарына мәдениетаралық және ұлтаралық қатынасты нығайту мақсатында «Мәдениетаралық және этносаралық бірлікті нығайту бағытында мәдениет пен өнер саласындағы үздік жұмыстар мен туындылар үшін» сыйлығы тағайындалды.
2023 жылы мемлекеттік қолдаумен түсірілімі 2022 жылы басталған 18 фильм өндірісі аяқталды, сонымен қатар 19 жаңа киножоба шығарылды. «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі аясында Анкара, Ыстанбұл және Краков (Польша) қалаларының анимация студияларында анимация саласында 12 қазақстандық студент, маман оқытылды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?