Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік17 сәуірде ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастамасымен “Майлан” далалық оқу орталығында елімізде тұңғыш рет күштік құрылымдар арасында Millitary Drone Race FPV-дрон операторларының турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сайысқа ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және басқа да құрылымдардың командалары қатысты.
Турнирдің серіктесі — “Ashyk Aspan Foundation” білім және ғылым қоры.
Жеңімпаздар:
І орын — ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің командасы
ІІ орын — ҚР ҰҚК “А” арнайы жасағы
ІІІ орын — Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының командасы
Бұл турнир FPV-дрондарды басқару саласындағы мамандардың кәсіби шеберлігін арттыруға, жаңа жүйелермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және ұшқышсыз ұшу аппараттарын тактикалық тұрғыда қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер