Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлдағы үш күнде Қазақстанның бірқатар өңірінде күн күрт суытады. Елдің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнгі ауа температурасы 15 градус аязға дейін төмендейді. Ал батыс өңірлерде күндіз 17 градусқа дейін жылы болады.
«Қазгидромет» мәліметінше, 12–14 қараша аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, қар түседі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын күшейіп, жаңбыр мен қар мол түседі.
Шығыс өңірлерде жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Кей жерлерде түнде және таңертең тұман түседі. Дегенмен елдің барлық өңірінде бірдей жауын-шашын болмайды. Батыста, солтүстікте және орталықта кей күндері күн ашық болады. 13 қарашадан бастап оңтүстікте де жауын-шашын тоқтайды.
Қай өңірлерде күн қатты суытады?
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің әр өңірінде ауа температурасы айтарлықтай ерекшеленеді.
Қараша айында ауа райы қандай болады?
Бұған дейін «Қазгидромет» мамандары биыл қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болатынын болжаған еді. Алайда бұл ай бойы күн жылы болады деген сөз емес. Синоптиктер қарашада ауа райы жиі өзгеріп, жаңбыр, қар және бұрқасын болатынын ескертеді.
Әсіресе солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күн күрт суытып, кей күндері түнгі ауа температурасы 18 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді