Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстанда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі көліктерге арналған жаңа салықтық жеңілдіктер күшіне енеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл жеңілдік 4 миллионға жуық автокөлік иесін қамтиды. Бұл туралы Үкіметтің мәліметіне сүйене отырып, Finratings.kz мәлімдеді.
Көлік салығындағы өзгерістер
Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысында хабарлағандай, жаңа түзетулерге сәйкес, автокөлік салығына жасына байланысты түзету коэффициенттер енгізіледі. Бұл өзгерістер былай жүзеге асады:
Министрдің айтуынша, бұл шаралар елдегі автокөлік иелеріне шамамен 30 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.
Неліктен бұл маңызды?
Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 5,5 миллионға жуық жеңіл көлік тіркелген. Демек, бұл салықтық жеңілдік елдегі автопарктің едәуір бөлігін қамтиды.
Сондай-ақ, 2013 жылдан кейін әкелінген, үлкен көлемді қозғалтқышы бар көліктерге салынатын жоғары салықты алып тастау мәселесі де қаралуда. Бұл да көлік иелерінің қаржылық жүктемесін азайтпақ.
Бұған дейін Қазақстанның автопромы жылына 149 мың көлік шығаратыны туралы жазған едік.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады