20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары аясында жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылына» сәйкес іс-шаралар жоспары әзірленгенін хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Үкімет жанынан комиссия құрылғанын, техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялаудың жол картасы қабылданғанын, барлық 20 өңірде жұмысшы кәсіптерінің беделін және кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған жоспарлар бекітілгенін атап өтті. Министр сонымен қатар осы жұмыс аясында кәсіби бағдар берудің жаңа тұжырымдамасы іске қосылатынын айтты. Ол осы бағыттағы жұмысты жүйелі дамыту үшін өңірлердің кадрларға деген қажеттілігін ескере отырып, барлық облыста «Жаңа мамандықтар атласы» әзірленетініне тоқталды.
Кәсіптік бағдар берудің жаңа тәсілдері оқушыларға еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге, экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға және мамандықтарды дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін мектептердегі кәсіби бағдарлау қызметі күшейтіледі, осы арқылы оқушыларды толығымен кәсіби диагностикамен қамтылады, — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Кәсіпорындар мен колледждердің ынтымақтастығы арқылы 1 мың мектепте бейіндік сыныптар ашылатыны атап өтілді. Жоғары сынып оқушыларын практикалық дағдыларға және колледждер базасында алғашқы жұмыс кәсібіне оқыту тәжірибесі енгізіледі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?