Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады2023 жылдың ақпан айынан бастап ірі инвесторлар үшін Қазақстанда жаңа жобаларды іске қосу және қолданыстағы жобаларды жаңғырту мүмкіндіктері едәуір кеңейтілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Үкіметке сілтеме жасап.
Премьер-министр Әлихан Смайылов «Инвестицияны мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысына енгізілген тиісті түзетулерге қол қойды.
Түзетулерге сәйкес:
- Үкіметпен инвестициялық міндеттеме туралы келісім бекітуді жоспарлап отырған заңды тұлғалар үшін қызметтің басым түрлерінің тізбесі алынып тасталды. Бұл келісім бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге салық мөлшерлемесі белгіленеді, ал инвестор оның өтеуі ретінде қомақты қаражат салуға, қандай да бір өндірісті іске қосуға немесе жаңғыртуға, қазақстандық кадрларды оқытуға және т. б. міндеттеледі.
- Тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі анықталды. Яғни, енді ірі компания немесе кәсіпкер бұл тізімге енгізілмеген кез келген инвестициялық бағытты еркін таңдап, Үкіметпен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасай алады.
Тыйым салынғандар санатына:
- акцизделетін өнімдердің көтерме саудасы және (немесе) өндірісі
- лотерея өткізу
- ойын бизнесі саласындағы қызмет және т. б. барлығы 14 тармақ жатады.
Басқа барлық бағыттар бойынша шектеулер жоқ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары