Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӘділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палатасы және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп бейнеқоңырау арқылы «ерлі-зайыптылардың Нотариаттық келісімін Онлайн ресімдеу» қызметін енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әділет министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 25 қыркүйегінен бастап көрсетілетін қызмет «eGov Mobile» платформасында қолжетімді болады.
Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл жаңашылдық ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін ресімдеу процесін анағұрлым жеңілдетеді. Азаматтар нотариусқа жүгінбей-ақ қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады. Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.
Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығындарды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу мүмкіншілігі, - деп атап өтті Бекболат Молдабеков.
Қызметті алу үшін: 1) «eGovMobile» платформасында тіркелу; 2) өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту; 3) бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу; 4) нотариустың қызмет ақысын төлеу; 5) нәтижесінде, құжат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді