Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБылтыр Қазақстанда ерлер мен әйелдердің орташа жалақысы арасындағы алшақтық бұрынғыдан да ұлғайған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы
Data Hub дерегі бойынша экономика бойынша (шағын бизнесті есептемегенде) ерлердің номиналды орташа айлық жалақысы – 468,9 мың теңге, ал әйелдердің – 344,5 мың теңге болды. Бұл көрсеткіш ерлерде 12%-ға, әйелдерде 10,7%-ға өскен. Алайда нақты (инфляцияны есепке алған) өсім әлдеқайда төмен – тиісінше 3% және 1,8% ғана.
Бұл – гендерлік жалақы айырмашылығының қатарынан үшінші жыл қатарынан артуы. Қазіргі таңда ерлердің орташа айлығы әйелдердікімен салыстырғанда 36%-ға жоғары.
Гендерлік айырмашылық тек техникалық немесе қарапайым қызметтерде ғана емес, жоғары біліктілік талап етілетін салаларда да байқалады:
Айта кетерлігі, бұл санаттағы мамандар қатарына техниктер, фельдшерлер немесе әкімшілік қызметкерлер (мысалы, хатшылар) кірмейді.
Оқи отырыңыздар:
Кәсіби мамандар арасында әйелдер саны ерлерден екі есе көп, дегенмен, олардың басым көпшілігі білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет салаларында жұмыс істейді – шамамен 75%. Ерлер арасында бұл көрсеткіш – 41%, яғни әлдеқайда төмен.
Аталған салалардағы орташа жалақы да аса жоғары емес:
Өкінішке қарай, 2024 жылы бұл салаларда жалақының өсу қарқыны (5–6,5%) баға өсімінен (8,7%) қалып қойды. Бұл дегеніміз – білім және денсаулық сақтау салаларында еңбек ететін кәсіби мамандардың нақты табысы төмендеген.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер