20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжіліс «Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы» және оған ілеспе заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен әзірленген бұл заң жобасы нысаналы капитал қорларын және эндаумент-қорларды ашық түрде қалыптастыру мен жұмыс істеуіне құқықтық негіз қалайды.
Онда білім беру, ғылым және инновациялық қызмет, бұқаралық спорт, дәрілік қамту мен медициналық қызмет көрсету, халықты әлеуметтік қорғау сияқты эндаумент-қорлардың қаржыландыру салалары нақты айқындалған.
Эндаумент-қордың активтері құрамына ақшалай қаражат, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік және зияткерлік меншік кіре алады. Оған мүлікті шектеусіз мерзімге, кем дегенде 10 жылға дейін беруге болады. Берілген мүліктің құны сақталады, тек оны басқарудан түскен инвестициялық табысты ғана жұмсауға рұқсат етіледі.
Активтер көлемі заң жобасында белгіленген шектен асқан жағдайда, олар міндетті түрде кәсіби басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына берілуге тиіс. Депутаттардың ұсынысы бойынша бұл шек 10 мың АЕК мөлшерінде белгіленді, ал активтерді беру мерзімі – 3 ай. Осы уақытқа дейін олар екінші деңгейлі банктердің депозиттерінде орналастырылады.
Мәжіліс депутаттары нақтылап өткендей, бұл заң жобасы автономды білім беру ұйымдарының эндаумент-қорларының қызметіне қолданылмайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?