Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕлімізде ең жоғары жалақы мұнайлы өңірлерде, ал төмен жалақы оңтүстік бөлікте тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2023 жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақы ең көп өскен өңір – Атырау облысы: +29,4% немесе 618,4 мың теңге. Мұндай мәліметтер Бірінші кредиттік бюроның (БКБ) зерттеуінде келтірілген.
Өңірде орташа жалақы мөлшері бойынша да, салыстырмалы өсім бойынша да бәсекелес жоқ, – деп түсіндірді бюро.
Жалпы, тек бес өңірде жалақы орташа республикалық көрсеткіштен жоғары: Атырау және Маңғыстау облыстарында – 509,8 мың теңге, Ұлытау облысында – 450,9 мың теңге, сондай-ақ Астанада – 432,2 мың теңге, Алматы қаласында – 390,3 мың теңге.
Ең төменгі жалақы мына өңірлерде тіркелген: Солтүстік Қазақстан – 241,1 мың теңге, Жетісу – 246,2 мың, Жамбыл – 254,6 мың, Шымкент – 254,2 мың теңге.
Бір жыл ішінде республика бойынша орташа жалақы 55,2 мың теңгеге өсті. Тағы да орташа республикалық өсімнен жоғары көрсеткіш тек 5 өңірде – Атырау, Маңғыстау (+93,6 мың), Шығыс Қазақстан (+60,3 мың) облыстарында, сондай-ақ Астана (+65,7 мың) мен Алматыда (+62,8 мың) байқалады, – делінген БКБ зерттеуінде.
Жалақының ең төмен өсуі Батыс Қазақстан (+31,2 мың), Түркістан (+31,6 мың), Қарағанды (+32,4 мың) және Жамбыл (+34,7 мың) облыстарында байқалады.
Ең «бай» Атырау облысында жалақы ең «кедей» Солтүстік Қазақстан облысындағы жалақыдан 2,5 есе жоғары. Сонымен қатар, Атырау облысындағы жалақы бүгінде орташа республикалық деңгейден 81,5% жоғары.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер