Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік белгілі болды

Қазақстанда ең көп сатылған автокөлік белгілі болды

Көктем Қарқын
Фото: El.kz

Қазақстанның Автокөлік Одағының мәліметінше, 2026 жылдың маусым айында еліміздегі ресми дилерлер 21 861 жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатқан. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 12,5%-ға көп (19 426 көлік).

Ал жыл басынан бері сатылған жаңа автокөліктер саны 105 886-ға жетіп, өткен жылдың рекордтық көрсеткішін іс жүзінде қайталады. Өсім – 0,9% (2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында – 104 953 көлік).

Соңғы екі жылдағы рекордтық өсімнен кейін нарықтың қарқыны біршама баяулағанымен, жаңа автокөліктерге деген сұраныс әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр. Сонымен қатар брендтер арасындағы бәсекелестік күшейіп, жаңа ойыншылар барлық дерлік сегментте өз үлесін арттыруда.

Қазақстанның Автокөлік Одағының президенті Анар Мақашеваның айтуынша, Қазақстанның автомобиль нарығы әлеуетін арттыруды жалғастырып келеді.

Жалпы сатылым көлемі айтарлықтай өзгермегенімен, нарықтың ішінде елеулі өзгерістер байқалады. Бәсекелестік күшейіп, сатып алушылар бағаға, технологияға және қызмет көрсету сапасына бұрынғыдан да талапшыл бола түсті. Бүгінде нарықтың көлемі ғана емес, компаниялардың тұтынушылар сұранысына қаншалықты жылдам бейімделе алатыны да маңызды көрсеткішке айналды, – деді ол.

Фото: El.kz

Маусым айындағы көшбасшылар

Маусым қорытындысы бойынша ең көп сатылған бренд – Chevrolet. Компания дилерлері бір айда 3 117 автокөлік сатып, сатылымын 39,9%-ға арттырды.

Одан кейінгі орындарда:

Ал алғашқы ондыққа JAC (1 600), Kia (1 422), Jetour (1 230), Toyota (964) және Geely (692) брендтері де енді.

Жартыжылдық көшбасшысы – Chevrolet

2026 жылдың алғашқы алты айының қорытындысында Қазақстан нарығының көшбасшысы Chevrolet атанды. Компания 17 586 автокөлік сатып, сатылымын 32,2%-ға өсірді.

El.kz

Көшбасшылар бестігі мынадай:

Одан кейін Haval (6 730), Jetour (5 774), JAC (4 745), Toyota (3 997) және Geely (2 926) орналасқан.

Фото: El.kz

Ең танымал модельдер

Жылдың алғашқы жартысында ең көп сатылған модель – Chevrolet Cobalt. Оның сатылымы 16 370 автокөлікке жетті.

Екінші және үшінші орындарды тиісінше:

Ал алғашқы ондыққа сондай-ақ Changan CS55 Plus, Hyundai Mufasa, Haval Jolion, Changan CS35 Max, Chery Tiggo 2, Haval M6 және Chery Tiggo 7 модельдері кірді.

Оқи отырыңыз

{