20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2025 жылғы 18 қыркүйекте өткен Мәжілістегі дөңгелек үстелде мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов цифрлық технологиялардың әкелетін сын-қатерлері жайлы баяндама жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, жасанды интеллект негізіндегі технологиялар алаяқтық схемаларда кеңінен қолданылып жатыр.
Жалған дауыстар, бейнероликтер мен суреттер – яғни дипфейктер жасалуда. Интернеттегі заңсыз контент көлемі артып келеді, – деді ол.
Мұндай құбылыстарға қарсы тұру үшін министрлік фейк-контентті автоматты түрде анықтап, дипфейктерді айқындайтын арнайы цифрлық бастаманы қолға алған.
Бұл технология жасанды интеллектке негізделген және онлайн-есірткі саудасымен күресте тиімділігін көрсетті. Мысалы, ЖИ-ге негізделген «МЕРГЕН» жүйесі ақпараттық кеңістікті үздіксіз бақылап, интернет-дүкендерді тікелей және жанама белгілері бойынша анықтап, бұғаттайды. Тек осы аптада 5000-шы ресурс жабылды. Қазір біз LLM-модельді дипфейктерді анықтау функциясын қамтитындай етіп үйретіп жатырмыз, – деп түсіндірді вице-министр.
Сонымен қатар құқықтық мониторинг жүйесі де жетілдірілуде. Әсіресе жасанды интеллекттің көмегімен бақылауға алынатын тақырыптар тізімі кеңейіп келеді.
Алгоритмдер контентті талдап, заңға қайшы белгілерді анықтап, оны автоматты түрде бұғаттауға жібере алады. Бұл жұмыс қазірдің өзінде тәжірибеге енгізіліп жатыр, – деп түйіндеді Евгений Кочетов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?