10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2023 жылғы 1 желтоқсан мен 2022 жылғы 1 желтоқсандағы деректерді салыстырғанда, электр қуатымен жұмыс істейтін көліктер саны 13,5 есеге, яғни 570-тен 7680 данаға дейін өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде электр қуатымен жүретін жеңіл автокөліктер саны 16,7 есеге, 443-тен 7383 бірлікке дейін артқан.
Электромобильдердің ең көп саны Алматы қаласында – 4315 бірлік, Астанада – 945 бірлік және Алматы облысында тіркелген – 354 бірлік. Ең аз электромобильдер саны Абай ауданында, мұнда 14 электромобиль бар.
Сондай-ақ электр қуатымен жүретін жүк көліктерінің саны 2 есеге, 127 бірліктен 262 бірлікке дейін өсті. Олар негізінен Алматы қаласында (94 бірлік) және Алматы облысында (17 бірлік) жүреді.
2023 жылдың 1 желтоқсанына электр қозғалтқышында 35 автобус тіркелген, олар негізінен Астана (21 бірлік) және Алматы (11 бірлік) қалаларында.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді