Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрӨткен апта ішінде ел көлемінде 2655 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 14 кісі өлімі бар. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сондай-ақ, аталған ведомство өкілі тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға SMS хабарлама жіберу жалғасып жатқанын айтты.
«Егер сізге SMS хабарлама келсе, онда ішкі істер министрлігі дерекқорында сіздің тіркелуіңіз туралы мәліметтер жоқ деген сөз. Сіз тұрғылықты жеріңізде тіркелуіңіз керек. Мұндай хабарламаларды жіберудің мақсаты - азаматтардың нақты тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу», - дейді ол.
Одан бөлек, министрлік өкілі тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген жағдайда айппұлдың барын еске салды.
«Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту беріледі. Егер 1 айдан асып кетсе, 7 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) (21 441 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тіркелу қызметі «электрондық үкімет» порталында, сондай - ақ «Халық Банкі» АҚ – «Halyk Homebank» мобильді қосымшасында қолжетімді. Өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңізді «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз», - деді Ш. Тұрлыбек.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова