20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек«Қазақстан балалары» онкүндігі аясында Оқу-ағарту министрлігі 2024 жылға арналған Балалар әл-ауқаты индексінің алдын ала қорытындыларын шығаруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл ерекше назар аударылған басты бағыттардың бірі — балалардың құқықтық жағынан қорғалу деңгейі болды. Жинақталған деректерге сәйкес, бұл көрсеткіш 90%-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр.
Көрсеткіштің өсуі алдын алу және ақпараттық түсіндіру шараларының артуымен байланысты. Атап айтқанда, 2024 жылдың басынан еліміздің барлық мектептерінде балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық диалог мәдениетін дамыту және құқықтарды қорғау жүйесіне сенімдерін нығайту мақсатында «Мен өз құқығымды білемін» ақпараттық айдары іске қосылды.
Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде оқушылардың басым бөлігі өз құқықтарын білетінін және олар бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігін жақсы түсінетінін көрсеткен.
Балалар әл-ауқаты индексі Мемлекет басшысының тапсырмасымен үш жыл бұрын енгізілген және елдегі бала жағдайын бағалаудың стратегиялық құралы болып табылады. Бұл құрал жағдайды ел бойынша ғана емес, өңірлік деңгейде де саралауға, сондай-ақ ұлттық деректерді халықаралық стандарттармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Индекстің әдістемесі 56 индикатор бойынша төрт бағыт бойынша жүргізіледі: «Бала», «Отбасы және қоғам», «Мемлекеттік саясат» және «Елдің әл-ауқаты». Олар денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, дамуға жағдай жасау және бала тәрбиелеп отырған отбасылардың жалпы өмір сүру деңгейі сияқты негізгі салаларды қамтиды.
Бала құқықтары мен мүдделерін қорғау жұмысы —мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?