Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада Қазақстанның алтын өндіруші өнеркәсіпшілерінің форумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ауқымды жиынға Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан қатысты. Оның айтуынша, былтыр отандық кәсіпорындар 129,5 тонна көлемінде өңделмеген алтын өндірген. Бұл 2021 жылдағы көрсеткіштен 12,8%-ға көп.
Елімізде алтын өндіру кәсібі отандық тау-кен секторындағы негізгі салалардың бірі болып саналады. 2022 жыл Қазақстанның алтын өндіру өнеркәсібі үшін табысты жыл болды. Мысалы, құрамында алтын бар кен орындарын игеру айтарлықтай ұлғайып, атап айтқанда 39,4 млн тоннаға дейін бағалы металл өндіріліп, бұл былтырғы көлемнен 18,3%-ға көп болып шықты, деді И.Шархан.
Сондай-ақ И.Шархан Қазақстанның аффинажды зауыттары шетелдік кәсіпорындарға толлинг қызметін ұсынып келе жатқанын жеткізді. Аталған кәсіпорындар Лондон металдар биржасының Good Delivery мәртебесіне ие. Бұл өз кезегінде отандық өндірушілердің жоғары технологиялық өндірісті жолға қойғандарын дәлелдеп, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың алдында үлкен сенімге ие болғандарын көрсетіп отыр.
Қазір еліміздегі ресурстық база өндірістік қуатты арттыруға жол ашып отырғанын айта кетейік. Мәселен, 2022 жылы Ақмола облысындағы Райгородок кен орнын игеріп жатқан RG Gold алтын өндіруші компаниясы жаңа тау-кен металлургиялық кешенін іске қосты. Кәсіпорын жылына 5 млн тоннаға дейін шикізатты өндіруге қауқарлы.
Бұдан бөлек шамамен 11 млрд теңге мөлшеріндегі инвестицияға 600-ден аса тұрақты жұмыс орнын ашуды көздейтін бірқатар жоба іске асырылып келеді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер