7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміз үшін бірегей жоба Қазақстандағы алғашқы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін сүт-тауар фермасы іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ферманы бірнеше жылдан бері жоғары технологиялы әрі органикалық өндіріс бағытын жүйелі жүзеге асырып келе жатқан «Еңбек» ЖШС жүзеге асырды. Биыл жоба жаңа белеске көтеріліп, фермада жасанды интеллектпен басқарылатын автоматтандырылған жүйе, соның ішінде роботты сауу технологиясы енгізілген. Ақылды алгоритмдер әрбір жануардың жағдайын сараптап, сауу кестесін бақылап, малдың денсаулығын қадағалап, кез келген ауытқуға жедел әрекет етеді.
Негізгі құрылғы ретінде әлемдегі ең тиімді құралдардың бірі саналатын немістің GEA Westfalia сауу кешені орнатылған. Бұл жүйе әр сиырға жеке тәсіл қолдана отырып, адамның араласуынсыз сауу процесін жүзеге асырады. Соның нәтижесінде сүт сапасы тұрақты, мал стреске түспейді, өнімділік жоғары болады.
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. 257 бас ірі қараға арналған қора, 186 басқа арналған төлдеу және суалу блоктары, сепарация цехы, лагуна мен көңді тазалау жүйесі салынды. Бұл жүйеге шаруашылық өз қаражаты есебінен 160 миллион теңге инвестиция салды. Сондай-ақ қалдықтарды өңдеуге арналған биокомплекс орнатылып, ферма экологиялық жағынан барынша қауіпсіз етілген.
Алғашқы асыл тұқымды ірі қара 269 бас голштин тұқымды сиыр өткен жылы Даниядан әкелінген. Жақын арада тағы 547 бас әкелінеді деп күтілуде. Жалпы жоба 816 басқа есептелген. Ферманы толық іске қосу жыл соңына дейін жоспарланған. Сол уақытқа дейін 25 тұрақты жұмыс орны ашылып, жалпы инвестиция көлемі 8 миллиард теңгеден асады.
«Еңбек» ЖШС-нің фермасы жай ғана өндірістік нысан емес, бұл ертеңгі ауыл шаруашылығының нақты моделі. Мұнда заманауи технологиялар сапа, тиімділік және тұрақтылыққа жұмыс істейді. Жасанды интеллект адамды алмастырмайды, керісінше – оның сенімді серіктесіне айналады, - деді Ақкөл ауданының әкімі Біржан Абдрахманов жобаны таныстыру кезінде.
Жоба қазірдің өзінде аудан үшін ғана емес, бүкіл ел үшін маңызды оқиғаға айналды. Ол цифрландыру ауыл шаруашылығының бейнесін өзгертіп, оны бәсекеге қабілетті әрі экологиялық жауапты салаға айналдыра алатынын көрсетті. Бүгінде Ақкөл ауданы Қазақстанның аграрлық болашағының іргетасы қаланып жатқан аймақ ретінде сенімді түрде алға шықты.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?