28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда тұңғыш рет Ұлттық ғылыми хирургия орталығының базасында басқарма төрағасы, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен ересек пациенттерге бүйректі айқас трансплантаттау жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айқас трансплантаттау – бұл кем дегенде екі сәйкес келмейтін жұптан, айқастыру арқылы ағзаны қондыру. Бұл операция донорларды алмастыру қағидаты бойынша орындалады: егер туысқан донор реципиентке медициналық көрсетілімдер бойынша сәйкес келмесе, сондай проблемасы бар басқа донор таңдалады.
Дүние жүзіндегі, атап айтқанда, біздің еліміздегі донорлық ағзалардың тапшылығы жағдайында альтруистік донорлық, АВО-сәйкес келмейтін, бүйректі айқас трансплантаттау балама болып табылады.
Қазір біздің республикамызда да осындай операциялар практикаға енгізілді. Айқас трансплантаттау екі жұптың - қан тобы бойынша өзара сәйкес келмеген күйеуі-әйелі және қызы мен анасының арасында жасалды. Бұл пациенттер ұзақ жылдар бойы бағдарламалық гемодиализде болды.
Өкінішке қарай, науқастар ұзақ уақыт гемодиализде бола алмайды, өйткені уақыт өте келе олардың жағдайы біртіндеп нашарлайды, өйткені гемодиализ донорлық ағзаға балама болып табылмайды.
Бұл жағдайда ең орынды шешім осы жұптардың арасында бүйректі айқас трансплантаттау жүргізу болды. Мұқият зерттеп-қараудан, үйлесімділікті бағалаудан және пациенттердің арасындағы барлық келісімдерді рәсімдегеннен кейін екі күннің ішінде екі бүйректі трансплантаттау сәтті орындалды, екі бүйрек те сіңісе бастады.
Екі пациенттің де денсаулық көрсеткіштері тез жақсаруда және ауруханадан шығаруға дайындалуда.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?