Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәжіліс аясында Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасын іске асыру барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол арнайы комиссия құрылатынын айтты.
Арнайы комиссия құрылады, ол конкурстық процестің барлық қатысушыларымен ашық бәсекелестік диалог рәсімін бастайды. Алдын ала консультациялар басталды. ҚХР-ға, Корея Республикасына сапарлар өтті, біз қазірдің өзінде ықтималды вендорларымыздан нақты жауаптар алғымыз келетін бағыттарды айтамыз. Олар қарапайым – электр энергиясының құны, құрылыс, аяқталу кепілдігі, қауіпсіздік мәселелері, әлеуметтік пакет, отын өндірісін оқшаулау… Комиссия мәселені энергетикалық кеңесте қарау үшін өз ұсыныстарын дайындайтын болады, – деді Сәтқалиев.
Министр қаржы-экономикалық блок, заң және техникалық мәселелер бойынша кеңесшілерді тарту жоспарланып отырғанын айтты.
Айта кетейік, 6 қазанда Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өтті. Оған сай, жалпы дауыс берушілердің 71,12 пайызы бастаманы қолдаған еді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді