Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені соңғы жылдары тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2025 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 24%-ға артты. Бұл кезеңде өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі ұлғайып, саладағы инвестициялық белсенділік, еңбек өнімділігі, экспорт пен еңбекақы деңгейі де өсті.
2019-2025 жылдары өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,1 еседен астам өсіп, 2,8 трлн теңгеден 5,9 трлн теңгеге жетті. Ал мал шаруашылығындағы өнім көлемі 1,7 есе артып, 2,3 трлн теңгеден 3,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Саладағы оң динамика инвестициялық белсенділіктің артуымен де байланысты. Ауыл шаруашылығын дамытуға, өндірісті жаңғыртуға және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған шаралар жүзеге асырылды.
Мұндай нәтижелерге қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету, саланы техникалық қайта жарақтандыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және заманауи агротехнологияларды енгізуге бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының кешені ықпал етті.
2026 жылы да өсім сақталды
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,2%-ға өсіп, 4,4 трлн теңгеге жетті. Бұл өсім мал және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда, мал шаруашылығы өнімінің көлемі 4,1%-ға өсіп, 2,8 трлн теңгені құрады. Ал өсімдік шаруашылығы бойынша өндіріс көлемінің индексі 107,3%-ға жетіп, жалпы өнім көлемі 1,5 трлн теңге болды.
Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі алғашқы бес елдің қатарына кіреді. Бұл еліміздің мал шаруашылығы әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.
2026 жылғы қаңтар-тамыз аралығында республикада еттің барлық түрін өндіру көлемі 1,2 млн тоннаға, сүт өндірісі 2,7 млн тоннаға, жұмыртқа өндірісі 3,2 млрд данаға дейін ұлғайды.
Қазақстанда қанша мал бар?
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі мал мен құстың саны мынадай:
Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі, өнім көлемінің артуы және салаға инвестицияның ұлғаюы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің дамуындағы оң динамиканы айқындайды.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары