Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда көкжөтел бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдай сақталуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 14 жасқа дейінгі балалардың арасында көкжөтелдің 392 жағдайы тіркелді. Оның 90%-дан астамы 5 жасқа дейінгі балалар арасында байқалып отыр.
Көкжөтел жағдайдарының көбеюі ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланысты. Ол ауа тамшылары арқылы жөтелгенде, түшкіргенде, науқаспен сөйлескенде таралады. Инфекцияның көзі – екпе алмаған балалар. Вакциналау – инфекциядан қорғанудың жалғыз жолы. Жоспарлы екпені тұрғылықты мекенжай бойынша емханадан алуға болады, - делінген министрлік ақпаратында.
Алдымен балада жалпы суық тиюдің белгілері болады: мұрыннан су ағады, дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады. Бірте-бірте жөтел күшейіп, ұстама тәрізді болады және бірнеше рет қайталанады. Ол асқынған жағдайда өкпенің қабынуы, мидың қабынуы секілді салдарға әкеледі.
Көкжөтелмен ауыратын науқастарды емдеуге арналған арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Көкжөтелге қарсы екпе баланың 2 айлығынан бастап, 3 және 4 айлығында үш рет салынады. Сондай-ақ, 1,5 және 6 жасар балаларға ревакциналау жүргізіледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді