Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республиканың ғылыми әлеуеті туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол бүгінгі таңда еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалымды құрайтынын, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар екенін атап өтті. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.
Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі, бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі уақытта 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2,3 мыңнан аса ғылыми жоба және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1,4 мыңнан астам ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті, — деді Саясат Нұрбек.Министр жас ғалымдарға арналған гранттар конкурстарының арқасында 2 мыңнан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?