20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанда 2026-2027 оқу жылына арналған 1-сыныпқа құжат қабылдау науқаны кезең-кезеңімен басталды. Енді ата-аналар өтінішті онлайн форматта ыңғайлы әрі жылдам жолдай алады. Жаңа жүйе білім беру қызметтерін цифрландыруға бағытталған.
Өтініш беру қызметі eGov.kz порталы мен eGov mobile қосымшасы арқылы қолжетімді. Сонымен қатар ата-аналар арнайы oqu.edu.kz платформасы арқылы авторизациядан өтіп, құжат тапсыра алады. Жүйеге кіру eGov немесе eGov mobile көмегімен жүзеге асады.
Биыл бірінші сыныпқа 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толған балалар қабылданады. Сондай-ақ күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балаларды да ата-анасының өтініші негізінде мектепке беру мүмкіндігі қарастырылған.
Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады. Алайда өңірлер бойынша басталу мерзімі әртүрлі.
Қай өңірде қабылдау қашан басталады?
27 мамыр – 31 тамыз аралығы:
10 маусым – 31 тамыз аралығы:
18 маусым – 31 тамыз аралығы:
29 маусым – 31 тамыз аралығы:
Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе ата-аналардың уақытын үнемдеп, мектепке қабылдау үдерісін ашық әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Онлайн формат құжат тапсыру кезіндегі кезектерді азайтып, қызмет сапасын арттыруға бағытталған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?