Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыРесми мәліметтерге сүйенсек, бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан азаматтарының 18,1 триллион теңге кредиті бар. Оның тең жартысы кепілсіз несие. Төлеу мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелердің жалпы көлемі 2 триллион теңгеге жеткен. Оның 63%-ы сол тұтынушылық кепілсіз несиелеуге тиесілі (1 триллион 225 миллиард теңге). Қаржылық тұрақтылық тұрғысынан қауіп алдында 1 миллион 700 мың біздің отандастарымыз тұр, - дейді Берік Бейсенғалиев.
Бүгінгі таңда екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың кредиттері бойынша пайыздық мөлшері 56%-ға дейін, ал микроқаржы ұйымдарында – 146-дан 339%-ға дейін жетеді. Осы ретте бұл пайыздар қандай параметрлер мен критерийлер бойынша белгіленген және оған қандай негіздеме бар? - деген заңды сұрақтар туындайды. Микроқаржы ұйымдары жеңілдіктерге ие және саны көп болғандықтан бақыланбайды. Бұл реттеушінің кемшілігі, - дейді депутат.
Коллекторлық агенттіктердің портфелі тұрақты өсу үрдісіне ие. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 325 миллиард теңгені, ал қарыз алушылардың саны – 882 мыңды құрады. Осы 882 мыңның 80%-зы немесе 702 мыңы микроқаржы ұйымдарынан сатып алыңған борышкерлер. Көптеген мемлекеттерде коллекторлық агенттіктердің құқықтары заңмен шектелген, онда қарыз алушыны кейбір шамадан тыс мазалау әрекеттеріне қатысты тыйым салынған. Бізде коллекторлардың жұмысы борышкерге жүйелі түрде моральдық тұрғыдан қысым жасап, борышын төлеттіруден тұрады. Қарызды қайта құрылымдау құқығының болғанына қарамастан, бұл құрал іс жүзінде қолданылмайды, - дейді Берік Бейсенғалиев.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді