29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСоңғы үш жылда жасанды интеллект бұрынғы радио, интернет, смартфон және энергетика сияқты технологиялардан да жылдам дамып, кең таралған құралға айналды. Бүгінде әлемдегі еңбекке қабілетті ересек тұрғындардың 30%-дан астамы күн сайын нейрожелілер мен әртүрлі ІІ сервистерін пайдаланады. Бұл үрдіс Қазақстанды да айналып өткен жоқ. Елдегі ересек халықтың 12,7%-ы ІІ құралдарын меңгеріп, оларды жұмыста да, тұрмыста да белсенді қолданады. Мұндай деректер Microsoft компаниясының жыл сайынғы есебінде келтірілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу авторлары әр мемлекетті бірнеше бағыт бойынша салыстырған: ІІ технологияларын жасауға қабілеттілік, инфрақұрылымның дамуы және жасанды интеллектінің күнделікті өмірге енгізілу деңгейі. Сондай-ақ халықтың ІІ-ді қаншалықты меңгергенін көрсететін жеке рейтинг ұсынылған.
Күнделікті қолдану көрсеткіші бойынша Қазақстан 71-орында. Ал, бізден жоғары тұрған елдер тізімі мынадай:
Қазақстаннан кейінгі орындарда:
Жасанды интеллектіні ең белсенді қолданатын елдер тізімінің көшбасында:
Алғашқы ондыққа сондай-ақ Ирландия, Франция, Испания, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания, Нидерланды және Катар кірді.
Әлемдегі ІІ инфрақұрылымының жартысынан көбі АҚШ-та орналасқанына қарамастан, оны күнделікті қолданатын америкалықтардың үлесі – 26,3% (23-орын). Қытай бұл бағытта 61-орынды иеленген (15,4%).
Соңғы орынға Камбоджа тұрақтаған, онда ІІ құралдарын меңгерген ересек тұрғындар небәрі 4,6%.
Айта кетейік бұған дейін ЖИ-дың ел экономикасына тигізер пайдасы жөнінде жазған едік.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек