Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатының жоғары дивизиондағы орнын сақтап қалу үшін Германиямен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 4-минутында Асанәлі Русланұлы көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Көп ұзамай германиялық Максим Шефер есепті теңестірді.
Ал 17-минутта қазақстандық Никита Ситников қайтадан ұлттық құраманы алға шығарса, екінші кезеңнің 22-минутында Артур Гросс басымдықты арттыра түсті.
Қарсыластар сапынан Максим Шефер 23, Эдвин Тропман 24- минутта қос гол соғып, таразы басын теңестірді.
Ойынның 44-минутында Юлиус Зумпф соққан шайба Германияға жеңіс алып келді.
Осылайша Қазақстан жастары қарсыласына 3:4 есебімен жеңіліп, бірінші дивизионға түсіп қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан жастар құрамасы жоғары дивизионда тоғыз мәрте бақ сынады. 1999 жылы алтыншы орынға тұрақтады. Әзірге бұл ұлттық құраманың ең үздік көрсеткіші.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді