Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыЧерногорияның Будва қаласында бокстан кіші Әлем кубогы аталып кеткен "Адрия інжуі" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада Қазақстан жастар құрамасы 27 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметіне сүйенсек, отандық былғары қолғап шеберлері байрақты бәсекеде 4 алтын, 11 күміс және 12 қола медаль жеңіп алды.
Алтыннан алқа таққан боксшылар: Нығман Нығмет (57 келі), Жасұлан Бердалы (75 келі). Әйелдер арасында: Регина Тибянова (57 келі), Ақбота Есімбекова (66 келі).
Күміс жүлдеге ие болғандар: Алдияр Баһадүр (54 келі), Игорь Соловьев (75 келі), Санжар Сейітхамит (92 келі), Бексұлтан Қайратұлы (92 келіден жоғары). Әйелдер арасында: Рахмина Абдумажитова (52 келі), Ақнұр Тұрсынғали (57 келі), Алина Құдайгенова (63 келі), Айсұлу Мұхит (66 келі), Мария Сидоренко (70 келі), Зарина Толыбай (75 келі), Сабина Жақсылық (81 келіден жоғары).
Қола жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұрхан Құмарбеков (48 келі), Бексұлтан Қожамжар (48 келі), Айдос Үсенов (51 келі), Әли Мұрат (54 келі), Бауыржан Мұратов (57 келі), Ердәулет Саит (60 келі), Әлихан Әскер (63,5 келі), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 келі), Сұлтан Тұрдалы (67 келі), Бекарыс Нұрмұхан (71 келі), Бейбарыс Әшірбай (71 келі). Әйелдер арасында: Толғанай Қасымхан (60 келі).
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді