20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекDigital Almaty алаңында Қазақстанда робототехника мен жасанды интеллект (ЖИ) аясында зерттеулер мен әзірлемелерді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа технологиялар саласындағы жетекші өкілдер қол қойды. Атап айтқанда, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, робототехника саласындағы халықаралық көшбасшы Shanghai Zhiyuan Innovation Technology Co. Ltd, Сәтбаев Университеті, ҚБТУ, ХАТУ, ALT Университеті.
Меморандумның негізгі мақсаты — Қазақстанда робототехника саласындағы ғылыми-зерттеу орталығын құру. Орталықта заманауи технологияларды енгізіп, жоғары білікті мамандар даярланады және инновациялық шешімдерді коммерцияландыру бағытында жұмыс істейтін болады.
Бұл қадам — Қазақстанның жасанды интеллект және роботтандыру саласындағы өңірлік хаб ретінде ықпалын арттырудағы маңызды қадам. Алдағы уақытта орталық жаңа стартаптардың дамуына, ғылыми зерттеулердің күшеюіне және инновациялық жобаларды қолдауға ықпал етіп, еліміздің жаһандық технологиялық процестерге сәтті интеграциялануына септігін тигізеді.
Қатысушылар меморандум жоғары технологиялар саласындағы ұлттық экожүйені дамытуға және ғылым мен білім саласындағы халықаралық серіктестіктерді нығайтуға маңызды үлес қосатынын атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?