Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін Фуджайра қаласында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің каратэ федерациясы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тараптар арасындағы жиынға Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Болат Хавлахат, БАӘ-нің каратэ федерациясының президенті, генерал-майор Нассер Әл-Разуки мен Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулы Алмаз Тасболат қатысты.
Тараптар біраз пікір алмасқаннан кейін Болат Хавлахат пен Азия каратэ федерациясының вице-президенті Рашид әл-Әли мырза маңызды құжатқа қол қойды.
Осыдан соң Халықаралық каратэ федерациясы вице-президенті, Азия каратэ федерациясының президенті қызметін қоса атқаратын Нассер Әл-Разуки баспасөз жиынында сөз сөйледі. Ол бұл келісім каратэ спортын екі елде жаңа деңгейге көтеруге жол ашатынына сенім білдірді. Әрі Қазақстан каратэ спортшыларының айтулы жетістіктері мен федерациясының қарқынды жұмысын атап айтып, жоғары баға берді.
Өз кезегінде Болат Хавлахат Нассер Әл-Разуки мырзаға «ҚР-ның Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісін табыстады.
Жастар арасындағы А сериясындағы турнир аясында іске асқан бұл іс алдағы уақытта Ұлттық құрамалардың бірлескен оқу-жаттығу жиындарын көптеп өткізуіне жол ашады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді