20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекResume платформасы екі жүзге жуық елдің заңдарын зерттеп, ең демалысы көп мемлекеттердің тізімін жасады. Есепке жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мен ресми мереке күндері енгізілді. Бұл туралы Energyprom.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Иран – көшбасшы
Бұл елде адамдарға жылына 53 күн ресми демалыс қарастырылған: оның 26-сы – еңбек демалысы, ал қалған 27-сі – мемлекеттік мерекелер.
Бұл көрсеткішке әзірге ешбір мемлекет жақындай алған жоқ. Мысалы, Сан-Маринода – 46 күн, Йеменде – 45, ал Андорра, Бахрейн мен Бутанда – 44 күннен. Мадагаскар, Нигер және Того елдерінде – 43 күн.
Ал ең қысқа демалыс – Микронезия Федерациялық Штаттарында. Мұнда жылына бар болғаны 9 ақылы демалыс күні бар, оның барлығы – мереке күндері.
АҚШ-та, Науру мен Кирибатиде еңбек демалысы мүлдем қарастырылмаған, бұл мәселе жұмыс берушімен жасалған жеке келісім арқылы шешіледі. Бірақ көпшілік мереке күндерін тиімді пайдалануға тырысады: жылына 10-нан 13 күнге дейін.
Орталық Азия және ЕАЭО елдері
Бұл аймақта Ресей мен Түрікменстан алда – жылына 42 күн ақылы демалыс беріледі.
Қазақстанда ресми түрде шамамен 37 күн: 18-і – еңбек демалысы, 19-ы – мереке. Бірақ Еңбек кодексі бойынша (кемінде 24 күн, демалыс күндерін есептемегенде), шын мәнінде еңбек демалысының ұзақтығы 33 күннен де асуы мүмкін.
Resume дерегінше, Қырғызстанда орта есеппен 32 күн беріледі. Алайда жергілікті Еңбек кодексінде 28 күн еңбек демалысы деп (оның ішінде демалыс күндері де бар) көрсетілгендіктен, жалпы саны шамамен 40 күнге жетеді. Бұл – өңірдегі үшінші орын.
Өзбекстанда аздау: бар болғаны 25 күн. Дегенмен биылдан бастап жыл сайынғы еңбек демалысы 21 күнге дейін ұзартылды. Беларусь пен Тәжікстанда – 33 күннен, ал Арменияда 32 күн ақылы демалыс беріледі.
Бұған дейін психолог демалыстың ең тиімді ұзақтығын атаған болатын. Сонымен қатар 2025 жылы саяхаттауға арналған ТОП-10 қосымша жайлы біле жүріңіз.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?