20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР Үкіметі 2023 жылғы 8 ақпанда тиісті Қаулы қабылдады.
ҚР Қаржы министрлігіне ҚР және басқа мемлекеттердің аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР Үкіметінің төтенше резервінен ҚР Сыртқы істер министрлігіне бір миллион АҚШ долларын бөлу тапсырылды.
Өз кезегінде сыртқы саяси ведомство заңнамада белгіленген тәртіппен аталған қаражатты түрік тарапының арнайы шотына аударуға тиіс.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік,Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырған болатын.
Түркияның Хатай провинциясы, Антакия қаласында хабарсыз кетті делінген қазақстандықтарды іздеуге шыққан топ Сабина Мамадьярованың аман табылғанын хабарлады. Олардың мәліметі бойынша, отандасымыздың қолы сынған. Қазір оны ауруханаға апара жатыр.
Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 7108-ге жетті, 40 910 адам жараланды. Жер асты дүмпулері Түркияның Кахраманмараш, Газиантеп, Шанлыурфа, Диярбакыр, Адана, Адыяман, Османийе, Хатай, Килис, Малатия және Элазиг провинцияларында 5 775 тұрғын үй қираған, апат аймағының тұрғындары үшін 50 818 шатыр орнатылған.
Қазақстандық құтқарушылардың екінші эшелоны Түркияның Газиантеп қаласына жетті. Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?