Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрӨмір сүру құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 мемлекеттің арасында 91-орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша өмір сүру құны рейтингісінде Қазақстан 91-орынға тұрақтады. Еліміздің индексі – 25,4. Индекс тұтыну тауарлары мен жалға берілетін тұрғын үй құнын Нью-Йорк қаласымен салыстыра отырып бағаланады.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат мемлекеттік бірі атанды. Тізімде Армения – 57 орында, Беларусь – 98, Молдова 101, Ресей –110, Қырғызстан – 111, Әзербайжан – 119, Өзбекстан 125-орында тұр.
Алдыңғы орындарды Бермуд және Кайман аралдары, Сингапур, рейтингтің соңында Пәкістан тұр.
Биыл шілденің қорытындысы бойынша Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы – 0,6%, жыл басынан бері – 5,8% және бір жылда 14%-ға өсті. Биыл қаңтар–шілдеде бағаның өсуі (2022 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда) 17,2% болды.
Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында (1%), Қарағанды және Қызылорда облыстарында, Астана және Алматы қалаларында (әрқайсысында 0,8%) тіркелді.
Жылдық динамика бойынша тауарлар мен қызметтер бағасының ең үлкен өсімі тағы да Ұлытау облысы және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласында (әрқайсысында 15,4%), ал ең азы Атырау облысында (11,8%) байқалды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова