20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекИспанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстан әйелдер құрамасы Словениямен сынға түсіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Аустралияға 1:2 есебімен жол берген еді. Сондықтан плей-офф кезеңіне өту үшін Қазақстан үш ойында да жеңіске жетіп, 3:0 есебін тіркеу керек болды. Алайда алғашқы ойында-ақ Анна Данилина қарсыласы Кая Юваннан (1:6, 0:6) ойсырай жеңілді.
Юлия Путинцева Тамара Зиданшекпен шеберлік байқасты. Мұнда есеп 2:6, 6:2 болған мезетте словениялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп жеңіс Юлияға берілді.
Жұптық сында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева Вероника Эрьявец — Эла Нала Миличті тізе бүктірді — 2:6, 6:4, 10:7.
Осылайша, Словенияны 2:1 есебімен жеңгенімен, өз тобында екінші орын алған Қазақстан жартылай финалға өте алмады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?