Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстандық теннисші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов София (Болгария) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Недовесов жұптық сында эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда аустралиялықтар Джон Патрик Смит – Макс Перселмен сынға түскен еді. Аустралиялық дуэт ширек финалда тағы бір қазақстандық Андрей Голубев – украиналық Денис Молчановтан басым түскен-тін.
Кездесудің бірінші партиясында қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте де олар 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеп, нәтижесінде 6:2 есебі тіркелді.
Енді А.Недовесов пен Г.Эскобар финалда жарыстың 3-ракеталары, ұлыбританиялық Джулиан Кэш – хорватиялық Никола Мектичпен бас жүлдені сарапқа салмақ.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер