Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікИспанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы жеті дүркін әлем чемпионы Аустралиядан ұтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шешуші жұптық бәсекеде кортқа Анна Данилина – Юлия Путинцева және Сторм Хантер – Эллин Перес шыққан еді. Бірінші партияда аустралиялық жұп айқын басымдылық көрсетіп, 6:1 нәтижесімен аяқталды.
Қазақстандықтар екінші сетті де брейк жасап, сәтті бастағанымен, сол қарқынды жалғастыра алмады. Дегенмен бұл партияға тағы бір брейкпен нүкте қойып, есеп 6:4 болып аяқталды.
Супер тай-брейкте аустралиялық дуэт жеңісті жұлып алып, жалпы есепте 2:1 нәтижесімен Аустралияның пайдасына бұйырды.
Ертең Қазақстан құрамасы Словениямен шешуші матч өткізеді. Словения бұған дейін Аустралияны 2:1 есебімен тізе бүктірген еді. Сондықтан қазақстандықтарға словениялықтарды 3:0 есебімен жеңуі керек. Сонда ғана жарысты жалғастыра алады.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер