10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін Алматыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымды әзірлеуге қатысты редакция алқасының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиында редакция алқасы бірінші томды бекітіп, оны басып шығаруға әзірлеу туралы ортақ шешім қабылдады.
Сонымен қатар редакция алқасы академиялық басылымның екінші томының мазмұнын талқылады.
Авторлар ұжымының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Болат Көмеков басылымның тұжырымдамасы, мазмұны және құрылымы туралы баяндап, «Түрік дәуірі» деп аталатын екінші томның ерекшеліктері мен жаңалықтарын атап өтті. Ұлттық ғылым академиясының академиктері Мәмбет Қойгелдиевтің, Оразақ Смағұловтың, тарих ғылымдарының докторлары Еркін Әбілдің, Айболат Көшкімбаевтің, Галина Ксенжиктің рецензиялары тыңдалды. Сондай-ақ Меруерт Әбусейітова, Бүркітбай Аяған, Айгүл Сәдуақасова, Жақсылық Сәбитов, Радик Темірғалиев, Дихан Қамзабекұлы, Ақан Оңғар, Күлғазира Балтабаева, Нұрсан Әлімбай, Зиябек Қабылдинов, Жәкен Таймағамбетов сияқты редакция алқасының өзге мүшелері де оз ойын ортаға салды.
Жиын соңында редакциялық алқа «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академиялық басылымның екінші томын жетілдіру жұмысын жалғастыру туралы және келесі отырыста басылымның үшінші томын қарастыру жөнінде шешім қабылдады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді