22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды6 қыркүйек күні Астанада Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы мүшелерінің кезектен тыс жиналысы өтіп, федерацияның жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға қатысқан 20 облыстық федерация мен спорттық ұйымдардың өкілдерінен ұсынылған кандидатураны 14 адам қолдады. Нәтижесінде Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының президенті болып Шамиев Кудрәт Игнатұлы сайланды.
Жеке мақсаттарымның жетегінде емес, ел мүддесі үшін осы қызметке келіп отырмын. Алда Лос-Анджелес Олимпиадасы бар, бірақ біздің жұмыс стратегиямыз бір олимпиадалық кезеңмен шектелмей, 20 жылға бағыт-бағдарымыз айқын болуы тиіс. Әр спортшының толыққанды дайындығы үшін қажеттінің барлығын ұсынып, кез келген деңгейдегі жарысты әділ өткізу – бізге артылған аманат деп білемін. ҚР Туризм және спорт министрлігі және Ұлттық олимпиада комитетімен бірге бір жұдырықтай жұмылып жұмыс істейміз, - деді Шамиев өз сөзінде.
Федерация мәліметінше, Кудрәт Шамиев – кәсіпкер-меценат, 34 жаста, Азия-Тынық мұхиты технология және инновациялар университетінде «халықаралық бизнесті басқару» мамандығы бойынша білім алған, еңбек өтілі 12 жыл, қазіргі уақытта «Integra Construction KZ» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, 2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Естеріңізде болса, Париж Олимпиадасында екі таеквондошы бақ сынап, екеуі де жеңіліс тапқан соң федерация президенті Вячеслав Кимнан бастап вице-президенттер, бас хатшы қызметінен кетті.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев