Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер‑министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Хамза Махмуд Юсеф Әл-Омариді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Өзара сауданы дамыту бойынша күш-жігерді жандандыруға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының қорытындылары аталып өтті, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ дипломаттар халықаралық ұйымдар аясындағы көпжақты ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Кездесу соңында сұхбаттастар биыл биік және жоғары деңгейде жоспарланған екіжақты іс-шаралар кестесін талқылады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді