Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекUS News 2023 рейтингінде жемқорлық ең аз елдер қатарында Қазақстан 87 мемлекеттің арасында 75-орында тұр. Бұл туралы finprom.kz порталына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыбайлас жемқорлық ең аз елдер арасында Швейцария, Канада, Швеция, Австралия және Нидерланд бар.
Ал ТМД елдерінің арасында еліміздің көрсеткіші Ресей мен Беларусьтен жақсырақ екен. Ресей рейтингтің ең соңына жайғасқан. Есесіне Өзбекстан мен Әзербайжанда жағдай бізге қарағанда дұрыстау.
Оқи отырыңыз:
Мамандың мәліметінше, Қазақстанда биылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 1,2 мың сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл былтырғыға қарағанда 17,7% аз. Оның ішінде 855 жағдай ауыр қылмысқа, 283 жағдай – ауырлығы орташа, 43 жағдай – аса ауыр, 41-і ауырлығы төмен қылмысқа жатқызылды.
Қылмыстың басым көбі пара берумен байланысты болды: 460 жағдай. Одан кейінгі орындарда пара алу (320 жағдай) және алаяқтық (141 жағдай) бар.
Жиі жасалатын қылмыстардың қатарына лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету, парақорлыққа делдал болу кірді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?