20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанадағы Жоғары политехникалық колледж студенттері киберқауіпсіздік бойынша GO CTF TATARSTAN 2025 II Халықаралық турнирінде І-орынды жеңіп алды. Финалға ТМД елдерінің ең мықты 20 командасы қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сүйенсек, GO CTF бұл XXI ғасырдағы ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі – киберқауіпсіздік саласында цифрлық құзыреттерді, командалық жұмысты дамытуға және жас кадрларды даярлауға бағытталған халықаралық чемпионат.
Astana Polytechnic студенттерінің Жұмысшы мамандықтар жылы аясындағы бұл жеңісі қолданбалы мамандықтардың сұранысқа ие әрі беделді екенін айқындап қана қоймай, қазақстандық жас мамандардың киберқауіпсіздік сияқты алдыңғы қатарлы бағыттарда халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін көрсетті.
Біздің студенттер жұмысшы мамандықтар қазір тек дәстүрлі салалар ғана емес, сонымен қатар білімді, креативтілікті және командалық еңбекті талап ететін жоғары технологиялық бағыттар екенін дәлелдеді. GO CTF турниріндегі жеңіс – елдің цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буын мамандарын қалыптастыруға қосқан үлес, – деді Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?