7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?12-18 мамыр аралығында Қазақстанның ұлттық құрамалары түрлі спорт түрлері бойынша халықаралық және республикалық деңгейдегі маңызды жарыстарда бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Апта бойы спорт сүйер қауымды келесі бәсекелер күтіп тұр:
12–19 мамыр – Спорттық гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңі
Словенияның Копер қаласында өтетін әлемдік додада Қазақстан намысын үш гимнаст қорғайды.
13–15 мамыр – Пара дзюдодан Әлем чемпионаты
Астанада өтетін байрақты бәсекеге еліміздің атынан 10 спортшы қатысады.
13–20 мамыр – Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты
Сингапурде өтетін чемпионатта Қазақстан сапынан 8 жас спортшы өнер көрсетеді.
14–17 мамыр – Велоспорттан Orlen Nations Grand Prix (ерлер)
Польшадағы Ланьцут, Ясло, Ярослав, Устшики-Дольне және Леско қалаларында өтетін жарысқа Қазақстан құрамасынан 6 велошабандоз қатысады.
16–18 мамыр – Семсерлесуден халықаралық Гран-при турнирі
Қытайдың Шанхай қаласында ел намысын 3 спортшы қорғайды.
17–18 мамыр – Эстетикалық топтық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты
Шымкент қаласында өтетін ұлттық біріншілікке 9 өңірден 293 спортшы қатыспақ.
17–24 мамыр – Бокстан жастар (U-19, U-22) арасындағы Азия чемпионаты
Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтетін байрақты додада 13 қазақстандық былғары қолғап шебері сынға түседі.
17–25 мамыр – Үстел теннисінен Әлем чемпионаты
Қатар астанасы Дохада өтетін әлемдік жарыста Қазақстан құрамасының 10 спортшысы бақ сынайды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?