23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты аясында Қазақстан алғаш рет финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Польшаның Быдгощ қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында қазақстандық шахматшылар Франция құрамасын 4:0 есебімен ұтты.
Қазақстанға жеңісті Бибісара Асаубаева (ФИДЕ рейтингі: 2439), Меруерт Камалиденова (ФИДЕ рейтингі: 2162), Алуа Нұрманова (FIDE рейтингі: 2170) және Әмина Қайырбекова (FIDE рейтингі: 1985) әкелді. Турнирге Қазақстан әйелдер құрамасы сапында Ксения Балабаева (FIDE рейтингі: 2111) және Әсел Серікбай (FIDE рейтингі: 2120) қатысып жатыр, - делінген хабарламада.
Финалда Қазақстан құрамасы жартылай финалда АҚШ құрамасын 3,5-0,5 есебімен жеңген Грузия құрамасымен кездеседі.
Айта кетерлігі, бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамас жарыстың ширек финалынан асып көрмеген болатын. Енді олар бас жүлдені сарапқа салады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады