Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекИндонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында ерлер арасында семсер қаруымен айқасудан командалық сайыстың финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алтын медаль үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары сайысқа түсті. Тартысты өткен кездесуде жапониялықтар жеңіске жетті. Кездесу 45:39 есебімен аяқталды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Күміс медаль иегерлері: Эльмир Әлімжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай.
Айта кетейік, Жапония құрамасы 2024 жылғы Олимпиадада финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Венгрияға жол берген болатын.
Жалпы, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Вадим Шарлаимов жекелей сында үшінші орын иеленген еді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?