20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекСауд Арабиясының астанасы – Эр-Риядта Қазақстан-Сауд арабиясы үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы өтіп жатыр. Шара аясында ресми хаттамаға қол қойылды, оған сәйкес тараптар бірлескен инновациялық хаб ашуға ниетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Эр-Риядта бірлескен инновациялық хаб құру қазақстандық IT-шешімдер мен стартаптарды әлемдік нарықтарда, атап айтқанда араб елдерінде халықаралық ілгерілетуді қолдаудың негізгі кеңейту тетігі болады.
Инновациялық хаб Қазақстаннан дарынды кәсіпкерлер мен инновациялық стартаптарды Сауд Арабиясына тартуға және венчурлық қорлардан бастапқы инвестицияларды ұсыну, инкубациялау және жеделдету бағдарламалары, бұл салада тәжірибемен және құнды білімдермен алмасу арқылы олардың осы аймаққа қоныс аударуы мен бизнесін кеңейтуге қолдау көрсетуге қызмет ететін болады.
Біз саудиялық тарапты бірлесіп тәжірибе алмасуға және қарқынды аймақаралық технологиялық экожүйені құру бойынша қадамдар жасайтын инновациялық орталық құруда күш біріктіруге шақырамыз,- деді Цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин.
Сондай ақ ол өз сөзінде қатысушыларды 2024 жылдың 1-3 ақпан Алматы қаласында өтетін 6-шы халықаралық Digital Almaty форумына шақырды. Форум цифрлық күн тәртібін шешуге арналған дәстүрлі пікірталас алаңы ретінде қызмет етеді, жаhандық мүдделі тараптар, саясаткерлер мен сала көшбасшылары арасынла конструктивті диалог пен ынтымақтастықты ілгерілетеді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?