Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЭнергетика министрлігі онлайн режимде кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында бірыңғай сатып алушы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы жұмысының алғашқы күндері қорытындыланды. Кеңеске электр энергетикасы нарығының шамамен 350 қатысушысы қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрлік электр энергиясын бірыңғай сатып алушы мен «Интер РАҚ» ЖАҚ арасында электр энергиясын жоспарлы жеткізуге шарт жасасу туралы хабарлады. Бұл қажет болған жағдайда Ресей Федерациясының энергия жүйесінен электр энергиясын сатып алуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ведомство бірыңғай сатып алушы мен теңгерімдеуші нарықтың жұмыс істеуінің өткен 17 күніне жүргізілген талдау мен мониторинг электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері тұтынудың нақты көлемінен артық өтінімдер беретінін растайтынын атап өтті.
Бұл жағдайлар біздің электр станцияларымыздың техникалық мүмкіндігіне және Ресей Федерациясының энергожүйесінен импорттық электр энергиясын сатып алудың жетіспейтін көлеміне негізделген электр энергиясын өндірудің қажет көлемінің кестесін құрғанда көрінеді, - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Кеңес барысында Энергетика министрлігі электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің назарына электр энергиясын тұтыну көлемін сапалы болжау қажет екені туралы қайта жеткізді. Қажет көлемдердің сапасыз болжамы қымбатырақ импорттық электр энергиясын сатып алуға әкеледі. Нәтижесінде бұл түпкілікті тұтынушы үшін тарифтің қымбаттауына әкелуі мүмкін.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?