Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда өтіп жатқан IBA әлем чемпионатының жартылай финалында рингке шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
63,5 келі салмақ дәрежесінде финал жолдамасы үшін өткен жекпе-жекте ол ресейлік Илья Поповпен кездесті. Үш раундқа созылған айқастан кейін төрешілердің бөлек шешімі бойынша жеңіс 4:3 есебімен ресейлік боксшыға берілді.
Осылайша, Ертуған Зейнуллинов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, ал Илья Попов финалға жолдама алды. Айта кетейік, Зейнуллинов - 2025 жылғы «Странджа» халықаралық турнирінің жеңімпазы және сол жылы Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері.
IBA әлем чемпионаты 13 желтоқсанда аяқталады. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,32 миллион доллар.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?