30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБіріккен ұлттар ұйымының ЮНИСЕФ балалар қоры Қазақстан қызылшаның таралуы бойынша әлемде бірінші орында тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.
Елімізде қызылша жұқтырғандар саны 20 мың 200 адамға дейін өскен. Елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова Астанадағы ахуал күрделі екенін атап өтті. Қалада тәулігіне 45 адамға дейін қызылша жұқтырып жатыр.
Бұған дейін Астанада күн сайын қызылша жұқтыру бойынша 35 жағдай тіркелетіні айтылған еді. Науқастардың арасында екпе алмаған балалардың үлесі жоғары, яғни 67 пайыз немесе 725 жағдай. Ал 27 пайызы - екпе алғаны немесе алмағаны белгісіз ересектер. Бас дәрігердің айтуынша, екпе алған балалардың алты пайызы ғана ауырған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Йемен мен Үндістаннан кейінгі үшінші орында тұрған еді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды