Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚытай Халық Республикасында коронавирус пандемиясына байланысты шектеулер алынып тасталғаннан кейін Қазақстан-Қытай шекарасында халықаралық жүк автотасымалын іске асыратын көліктер тұрақтап қалған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Осыған байланысты 13-ші наурызда ҚР Үкімет кеңесінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов уәкілетті органдарға барлық әкімшілік кедергіні жойып, Қытаймен шекарадағы өткізу пункттерінде экспорттық-импорттық операцияларды ұлғайту үшін кешенді шараларды қабылдауды тапсырған еді.
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сүйенсек, бұл қолға алынған жұмыстың нәтижесінде 14-17 наурыз аралығында Қытайдан елімізге жүктерді өткізу 3 есеге өсіп, тәулігіне 500-ден артық жүк көлігіне жол ашылды. Ал Қазақстаннан Қытайға өту 2 есеге артып, көліктерді өткізуге байланысты тәуліктік көрсеткіш орта есеппен 200-ге жетті.
Жоғарыда аталып өтілгендей, Үкімет басшысы Ә.Смайылов ҚР Қаржы министрлігіне Қытайдан жүк тасымалдауға байланысты кедергілерді жою бойынша жедел шаралар кешенін қабылдауды тапсырды. Бұл орайда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өз құзыреті шеңберінде Қазақстан-Қытай шекарасынан жүк көліктерін өткізу тәртібін оңтайландыру бойынша қолғабыс етіп келе жатқанын айта кеткен орынды.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді